Бір доллардың құны 500 теңгеге жетті
Бір доллардың құны 500 теңгеге жетті. Ақша айырбастау орындарында АҚШ ақшасы қайта қымбаттады.
Автор: Әсем Лесбек
18.11.2024
Алматыда қазір доллар 498-500 теңге аралығында саудаланып жатыр. Небәрі бір айда Америка ақшасы 10 теңгеге дейін көтерілген. Мұны экономистер АҚШ-тағы сайлау қорытындысымен байланыстырып отыр. Салдары мұнайдың бағасына да әсер еткен. Қазір Brent маркалы мұнай күннен-күнге арзандап барады. Қара алтын саудасына тәуелді ел ретінде бұл ұлттық валютамызға тікелей әсер етуде.
Мақсат Халық, экономист:
— Трамптың сайлауда жеңіске жетуі. Ол уәде еткендей мұнай бағасын төмендетемін деген белгілі бір дәрежеде. Қазірдің өзінде көріп отырмыз, мұнай бағасының құлдырай бастағанын, әлемдік дәрежеде. Бұның барлығы, әрине, біздің теңгемізге қысым түсіріп жатыр. Осы теңгемізді 500-дің маңайында ұстап тұрамыз десе, Ұлттық банктің қазір ондай мүмкіндігі бар. Бірақ жағдай ушығып жататын болса, онда Ұлттық банк те теңгемізді қатты ұстап тұра алмауы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!