{metadescription}
Есірткінің заңды айналымында да заңсыздықтар бар
Есірткінің заңды айналымында да заңсыздықтар бар

Есірткінің заңды айналымында да заңсыздықтар бар

Есірткінің заңды айналымында да заңсыздықтар бар. Ішкі істер министрлігі ел аумағында жүргізген «Дәрмек» операциясында 200-ге жуық лауазымды тұлға жазаға тартылды. Оның 108-і —медицина қызметкері. 

Рейдте 700-ден аса дәріхана, 77 қойма, 160-қа жуық емдеу мекемесі мен 129 өнеркәсіптік кәсіпорын тексеріліп, үш мың тоннадан астам прекурсор тәркіленген. Лицензиясы жоқ зат арнайы нұсқаулықпен ғана тағайындалатын дәрілер ғана емес, синтетикалық есірткі дайындауда да қолданылады.

Сондай-ақ сақтау тәртібін бұзғаны үшін психоактив препараттардың 44мың түйірі мен 14 мың ампуласы айналымнан алынды. Ауқымды операцияда бес қылмыстық іс қозғалған Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік нысанның бірінде 14 тоннадан астам тұз қышқылының лицензиясыз пайдаланылғаны анықталды.

Ал Абай облысындағы медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау талабы бұзылғаны үшін психоактив заттың 137 ампуласы тәркіленді. Құзырлы орган өкілдері мөлшері мен құрамы қатаң бақылауға алынған бұл заттардың алып-сатумен айналысқан медициналық қызметкерлер қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертіп отыр. 

Қуандық Әлжанов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:

 “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасымен салыстырғанда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтың 30 пайызға өскені байқалады. ІІМ есірткінің заңды айналымы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарды бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады, бұл 600 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде