{metadescription}
Жамбыл облысында әріптесінен жараланған полицейдің беті бері қарады
Жамбыл облысында әріптесінен жараланған полицейдің беті бері қарады

Жамбыл облысында әріптесінен жараланған полицейдің беті бері қарады

Жамбыл облысында әріптесі атып ауыр жарақат алған полицейдің беті бері қарай бастады. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өміріне енді еш қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер. 

Ал оқ атқан патрульдік полиция инспекторы бұл жағдайды «қарумен ойнап отырып, байқаусызда атып алдым» деп түсіндірген. Қазір әріптесін арқа тұсынан ауыр жаралаған қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал жәбірленуші Қордай ауруханасына жедел жеткізілген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ІІД баспасөз хатшысы:

 Аумақты патрульдеуде қызмет көлігінде қаруды абайсыз қолданып, бір полиция қызметкері екіншісінің арқасынан оқ атқан. Полиция қызметкерлері қызмет тексерісін жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде