Семейде браконьер дронның көмегімен ұсталды
Семейде Ертіс өзенінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды. Полиция қызметкерлері 35 жастағы азаматты дронның көмегімен қолға түсірген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.11.2024
Қазір тәртіп сақшылары Ертіс өзенін әуеден барлауға көшкен. Себебі: балыққа құмартқан браконьерлердің қатары көбейген. Бұл жолы дронның көмегімен ұсталған азаматтан 850 келі балық, 398 дана ау және жеті қайық пен қосауыз мылтық тәркіленді. Ол негізінен сазан мен көксерке аулаған. Табиғатқа келтірілген залал көлемі 2,5 млн теңгеге бағалануда. Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!