{metadescription}
Қандағы қант деңгейін қалай дұрыс бақылау керек
Қандағы қант деңгейін қалай дұрыс бақылау керек

Қандағы қант деңгейін қалай дұрыс бақылау керек

Сарапшылар қандағы қант деңгейін қалай дұрыс бақылау керектігін айтты. Алматыда Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған конференция өтті. Игі шараға Қазақстан Республикасының қант диабеті қауымдастығы ұйытқы болды. Жиынға шетелдік мамандар, дәрігерлер және емделушілер қатысты.

Халықаралық диабет федерациясының дерегінше, әлемде қант диабетімен ауыратын жарты миллиардтан астам адам бар. Ал елімізде соңғы мәлімет бойынша, осы диагноз жарты миллионнан аса адамға қойылған. Оның 90 пайыздан астамы қант диабетінің 2-типімен есепте тұр.

Баян Жұманова, Қазақстан қант диабеті қауымдастығының президенті:

 Екінші типті диабет өмірінің адамның екінші жартысында, яғни 35-40 жастан кейін пайда болады. Тұқым қуалаушылығы болғанмен, егер қозғалысы жоғары болса, артық салмағы болмаса, дұрыс тамақтанса, онда ол дамымауы да мүмкін. Екінші типті диабет тұқым қуалаушылығы бола тұра, ол кісі өзінің инсулинін сезбеуі мүмкін. Өйткені дене салмағын арттырып алуы мүмкін.

Мамандардың сөзінше, дерт тұқым қуалайды. Бұрын бұл ауру 50-ден асқан адамдардарға тән болса, қазір жас талғамайды, дейді дәрігерлер. Сондықтан мамандар артық салмақ қоспауға, күн сайын спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға, зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.

Баян Жұманова, Қазақстан қант диабеті қауымдастығының президенті:

 Қант диабетімен күресу деген дәрігердің берген емін алу емес, қант диабетімне күресу деген науқас өзіне пайдалы тағам ішіп,қимыл-қозғалысын арттырып, артық салмағы болмаумен күресу. Онымен тек науқас өзі емес, оның туысқандары және бірге жұмыс істейтінlth lt көмектесуі керек. Мұқым адамдар диабетпен күреске жұмылуы керек. 

Қант диабеті жай ауру емес. Науқастың басқа да ауруын қоздырып, мүгедек қылуы мүмкін. Тіпті асқынып кетсе, өлімге әкеледі. Дәрігерлер әлі күнге емі жоқ дертпен күресте белсенді болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде