{metadescription}
Доллардың өсуі азық-түлік құнына қалай әсер етеді
Доллардың өсуі азық-түлік құнына қалай әсер етеді

Доллардың өсуі азық-түлік құнына қалай әсер етеді

Доллар бағамының өсуі азық-түлік құнына қалай әсер етеді? Бұл сұраққа бүгін сауда және интеграция министрі жауап берді.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанның импорты негізінен Ресей, Беларусь, Қырғызстан сияқты Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Өзбекстан және Қытаймен арада жүреді. Ал олармен алыс-беріс доллармен емес. Мысалы, Ресеймен рубль -теңге, Қытаймен юань - теңге арқылы сауда жасалады.

"Аптасына бір рет мониторинг жасаймыз" деген министр, осы айда 0,2 пайыз өсімді байқапты. Оның өзін доллармен байланыстырып отырған жоқ. Баға өсімінің маусымаралық үрдіс екеніне Шаққалиев сенімді. Сондықтан азық-түлік құны бірден көтеріледі дегенді жоққа шығарды.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Бананның 70 пайызын Ресей арқылы алып келеміз. Біз Ресейге доллармен төлемейміз, рубльмен төлейміз. Енді ол түсінікті, жаңа жыл алдында жыл сайын байқаймыз. Маусымаралық кезінде ондай құбылыс бар. Бірақ қазіргі таңда доллардың теңгеге қатысты өзгерісінде еш байланыс жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде