«Тікұшақ апаты». Ақтөбеде екі ұшқыш ауруханадан аман шықты
Ақтөбеде тікұшақ апатынан аман қалған екі ұшқыш ауруханадан шықты. Енді әскерилер ем-домды үйінде жалғастырады.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.11.2024
Тура он күн бұрын Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Нығметов мінген тікұшақ оқу-жаттығу кезінде Сарыжар ауылы маңында құлаған еді. Әуе апатынан екі офицер жарақат алып, тағы бір ұшқыш Батыр Оразымбетов оқиға орнында көз жұмды. Кәсіби үш ұшқыш басқарған Ми-8-дің ақауы болған көрінеді. Мұндай болжамды қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты. Бір ажалдан аман қалған әскерилердің денсаулығында қазір еш кінәрат жоқ дейді дәрігерлер. Жақын күндері көкке көтеріліп тікұшақ басқара берсе болады деп отыр.
Мақсат Оразжанов, Ақтөбе облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Диагонозы: қосалқы жарақат, ми шайқалған. Денесі соғылған. Күйік те бар. Жағдайы қанағаттанарлық болғаннан кейін алтыншы тәулікте ауруханадан шығарылды. Әрі қарай өзі амбулаториялық ем алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!