{metadescription}
Мектепте тамақтандыруды дұрыс ұйымдастырмаған шенеуніктерге — айыппұл
Мектепте тамақтандыруды дұрыс ұйымдастырмаған шенеуніктерге — айыппұл

Мектепте тамақтандыруды дұрыс ұйымдастырмаған шенеуніктерге — айыппұл

Енді мектепте балаларды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастырмағаны үшін шенеуніктерге айыппұл салынбақ. Жауапкершілігі жоқ мердігерге мектеп асханасында жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін жергілікті әкімдіктер жауап беруі тиіс дейді оқу-ағарту министрі. 

Ғани Бейсенбаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Республикалық мониторинг қорытындылары мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына қатысты сұрақтардың туындауы жергілікті атқарушы органдардың тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Дәлірек айтқанда, мониторингте 771 бұзушылық анықталғанын атап өткім келеді.

Оқу жылы басталысымен, Маңғыстау облысында балалардың мектепте жаппай улануынан кейін ғана асханалар тексеріле бастаған. Сөйтсе, балалар тамақтанатын мектепте проблема шаш етектен екен. Әсіресе, Шымкент, Жамбыл, Маңғыстау мен Атырау облыстарында асханалар талапқа сай болмай шыққан. Содан бері талай комиссия тексеріп, асханаларға бақылау камералары да орнатылған. Енді талап одан да күшейтілмек. Азық-түлік алынатын жерден бастап, мектепке қызмет көрсететін мердігер де жаңа стандарттан ауытқымауы тиіс. Сондай-ақ ас үйдегі санитарлық жағдай мен аспаздың біліктілігі де тексеріледі.

Жалпы елімізде 400-дей мектепте асхана мүлдем жоқ екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде