Филиппинде "Ман-и" тайфунынан сегіз адам көз жұмды
Филиппиндегі "Ман-и" тайфунынан сегіз адам көз жұмды. Тағы үшеуі із-түзсіз жоғалған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
19.11.2024
Жауындатқан дүлей дауыл аймаққа сағатына 195 шақырым жылдамдықпен жетіпті. Қатты жел электр желілерін үзіп, бүкіл аумақты жарықсыз қалдырған. Кейбір ауданда жел екпіні сағатына 305 шақырымға дейін жеткен. Мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Бір миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Айта кетсек, бұл Филиппинді соңғы бір айда әбігерге салған алтыншы тайфун. Қазанның соңында мұнда алапат циклоннан 160 адам мерт болып, 9 миллионға жуық тұрғын зардап шеккен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!