{metadescription}
Делиде ауа ластанып, зиянды заттар 15 есеге өскен
Делиде ауа ластанып, зиянды заттар 15 есеге өскен

Делиде ауа ластанып, зиянды заттар 15 есеге өскен

Үндістан астанасы Делиде ауаның ластануынан қарыс қадам жерді көру мұңға айналды. Мамандар оттегі құрамындағы зиянды заттар 15 есеге жоғарылап кеткен деп отыр.

Оған бірінші кезекте егістік алқаптарында сабанды өртеу себеп. Қаланы қазір қою түтін басқан. Тынысы тарылып ауруханаға түскен адам саны да еселеп артыпты. Дели қаласы ауасы өртсіз де ең ластанғандардың қатарында. Алдағы уақытта жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін екен деп отыр мамандар.

Еске салайық, өткен аптада үкімет көмір және отын пайдалануға қатысты түрлі шектеу енгізген. Ауаның ластануына байланысты жергілікті билік қалаға жүк көліктерінің кіруіне тыйым салды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде