{metadescription}
«Екі мыңға жуық». Каспийде итбалық әлі де қырылып жатыр
«Екі мыңға жуық». Каспийде итбалық әлі де қырылып жатыр

«Екі мыңға жуық». Каспийде итбалық әлі де қырылып жатыр

Каспийде итбалық әлі де қырылып жатыр. Аймақтағы балық шаруашылығы испекциясының мамандары жағалауда жайрап жатқан екі мыңға жуық сүтқоректінің өлексесін тапқан.

Мамандар итбалық қырыла бастаған уақыттан бері теңіз жағалауын тікұшақпен сүзіп жүр.  Соңғы бір айда  Түпқараған ауданындағы теңіз жағалауынан мыңнан астам итбалық өлексесін жинаған. Теңіз жануарлары әсіресе Құлалы, Теңіз, Подгорный аралдары мен Қаржанбас, Қаламқас кен орындары маңынан көптеп табылған. Осылаша өлген итбалық саны 1989-ға жетті. Өлекселер шіріп жатқандықтан, Тұпқараған ауданындағы полигонға көміліп жатыр.  Мамандар итбалықтың қынадай қырылуының себебін әлі анықтай алмай отыр. Олар алған сынамалардан ешқандай жұқпалы ауру белгілері байқалмағанын айтады. Ал зертхана талдауының қорытындысы бірнеше айдан кейін шығады.

Дәурен Гарабаев, Маңғыстау облысы балық инспекциясының бас маманы:

Сынама алынған, ып, қорытындысын күтіп отырмыз. Гидробиология экологоиялық ғылыми ұйымының болжамы бойынша теңіздің ластануынан болған деген болжам бар. Балық шаруашылығы комитетінің болжамы бойынша теңіздің жерасты сілкінуінен, табиғи  құбылыстың әсерінен болған. Бірақ бұның бәрі тек болжам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде