{metadescription}
Декларация: Табыс пен мүлік тізіміне өзгеріс енгізілді
Декларация: Табыс пен мүлік тізіміне өзгеріс енгізілді

Декларация: Табыс пен мүлік тізіміне өзгеріс енгізілді

Көпшілігі міндеттен босағанымен, табысы көптер қадағалауда. Мемлекеттік қызметке кіруді көздегендер мен кәсіппен айналысуды бастағандар декларация тапсыра береді. Табысы мен мүлкі туралы мәліметті жариялауға міндетті отандастырымыздың тізіміне өзгеріс енді.

Қаржы министрлігі ол тізімде шетелде активтері бар бай-бағландар мен сайлауға түскісі келетіндерді де қалдыруды ұсынып отыр. Сондай-ақ, банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер декларацияны тапсыруға міндетті.

Айта кетейік, күні кеше 8 миллион отандасымыздың табысы тексерілмейтіні айтылған. Ол санатқа зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер мен студенттер кіреді. Мұндай шешім барлық ақпараттық жүйенің бүгінде цифрландырылуымен байланысты. Яғни кезкелген адамның мүлкі туралы мәліметті ортақ базадан-ақ көруге болады. Алайда кез келген тұрғын 20 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 74 миллион теңгеден асатын мүлік алса, бірден тексеріске түседі.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

20 мың АЕК алдық. Жалпы есеп болған. Қазақстан болғаннан кейін, 91 жылдан бастап, орташа жалақымен қанша ақша жинауға болады деген сұрақ қойылған. Сол кезде осы сомаға жетіп қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде