{metadescription}
Шардара ауданы: Білімге бөлінген төрт млрд теңгеге жуық қаражат ұрланған
Шардара ауданы: Білімге бөлінген төрт млрд теңгеге жуық қаражат ұрланған

Шардара ауданы: Білімге бөлінген төрт млрд теңгеге жуық қаражат ұрланған

Түркістан облысында білімге бөлінген төрт миллиард теңгеге жуық қаражат қолды болған. Шардара аудандық білім бөлімін тексерген антикор 2020- 2023 жылдар аралығында 3,7 миллиард теңгенің ұрланғанын анықтады.

Білім бөлімнің жауапты басшылары мен бухгалтерлері қазына ақшасын өз есепшоттары аударып отырған. Тіпті жоқ адамдардың атына жалақы жаздырып, оны өздері иемденіп келген. Осылайша үш жылда төрт миллиард теңгеге жуық ақшаны қалтаға басқан. Қазір күдікті деп танылған 12 қызметкердің дүние-мүлкі бұғатталды. Олардан мемлекет есебіне 640 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылған. Енді олардың тағдырын сот шешетін болады.

Данияр Бегайдаров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

  Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Жалпы сомасы 639 миллион теңгеден асатын залал өтелді және мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу аяқталу туралы есеппен прокуратураға жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде