«Миллиардтап жымқыру». Пилот жобаларға бөлінген есепсіз қаржы
«Миллиардтап жымқырудың жолы». Мәжілісмен Анас Баққожаев түрлі "пилот жобаларға" бөлінген мемлекет ақшасының есебін таба алмай жүр. Шенеуніктер осындай жоба біткенге жөн-жосықсыз қаражат берудің шебері, дейді депутат.
Автор: Мерей Қалиасқар
20.11.2024
Анас Баққожаев, Мәжіліс депутаты:
— Пилот жобалар кейбір өңірлерде заңсыз әрекет істеудің «заңды» жолына айналып отыр. Өнеркәсіп министрлігі жаңа механизмді қолданамын деп, біреу емес, екеу емес, құны 14 млрд құрайтын бақандай жеті нысанды салып алған. Ал енді бұл пилот жобалардың астарында заңсыз дүние жоқ деп кім кепіл бере алады? Ешкім.
Әкімдіктер мен министрліктерден «ресми ақпарат алдым» деген мәжілісменнің айтуынша, соңғы төрт жылда 104 пилот жоба іске асырылған. Оны қаржыландыруға бақандай 805 миллиард теңге жұмсалған. Қыруар қаржы оңды-солды бөлінгенімен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Бір ғана мысал, Қарағанды облысы ауылдарында медициналық көмек нысандарын салып, жоспарлы түрде атқарылатын жұмыс «пилот жоба» деп таңбаланған. Десе де оның аясында ешқандай тың көзқарас, я жаңа тәсіл қолданылмаған көрінеді. Бұдан бөлекғ "пилот жобалардың" авторлары оны аяғына дейін жеткізбей, өзге қызметке ауысып, алған тәжірибесі айдалада қалып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!