Елнұр Бейсенбаев: Перизат Қайратқа бола, қайырымдылық қорларын жаппайық
«Тірлігіне өзі жауап берсін». Жұрт жылуын қалтасына басты деп айыпталған бір Перизат Қайрат үшін "қайырымдылық қорларының есігіне құлып салу — қате" дейді депутат Елнұр Бейсенбаев. Дұрысы, жалпақ жұртқа көмектесемін деп жүргендердің қызметіне тексерісті күшейту керек.
Автор: Айжан Шамшидин
20.11.2024
Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:
— Қайырымдылық қорларына тыйым салудың қажеті жоқ. Ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ету керекпіз. Бұл өзі осылай саяси мәдениеттің, осылай ақшаның таза мәдениеті қалыптасады. Әрине, халықтың бір аңқаулығын, бір сенімділігін пайдаланып кететін азаматтар қоғамда бар. Бұл тек осы қорға қатысты емес. Қор елімізде жетерлік. Өзім де қорларға ақша жіберіп тұрамын.
Amanat партиясы Перизат Қайратқа қатысы бар ма деген көптің сауалына да саяси ұйымның Мәжілістегі фракция басшысы жауап берді. Айтуынша,«Біз біргеміз» қайырымдылық қорына волонтер болған жастар сол кезде қордың қамқоршылар кеңесіне мүше болыпты. Ал кейін ақыл тоқтатып, белгілі бір жетістікке жеткен соң ғана Amanat партиясының сапына қабылданған.
Жалпы көктемгі су тасқынында BizBirgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорына гуманитарлық көмек жібергендер қатарында еліміздің басты саяси партиясы да болды. Десе де өткен аптада Қаржы мониторингі агенттігі қор басшысын бір жарым милилард теңгені қалтасына басты деп ұстаған бойда, «қор құрылтайшысы — Amanat» деген ақпаратты партия жоққа шығарып, ресми мәлімдеме таратқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!