{metadescription}
«Биометрия». Ресейге келген қазақстандық саусақ ізін тапсырады
«Биометрия». Ресейге келген қазақстандық саусақ ізін тапсырады

«Биометрия». Ресейге келген қазақстандық саусақ ізін тапсырады

Ресейге жол тартқан қазақстандықтар енді міндетті түрде діттеген жеріне жете сала, саусақ ізін тапсырады. Солтүстіктегі көршіміздің биометриялық тексерісті қатаңдатқанын сондағы біздің елшілік өкілдері ескертті.

1 желтоқсаннан бастап Орынбордағы шекара бекеттері мен Мәскеудің барлық әуежайларында пилот жоба ретінде шетелдіктердің биометрия мәліметін тапсырып, фэйс-айдиден өтуге міндеттелген. Сондай-ақ әуежайдағы паспорт бақылау жүйесінде өзге елдің өкілдеріне қосымша сұрақтар қойылады. Ереженің тек елшілік қызметте жүрген азаматтар мен алты жасқа дейінгі балаларға қатысы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде