{metadescription}
Астана мен Алматыда бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды
Астана мен Алматыда бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды

Астана мен Алматыда бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды

Астана мен Алматыда бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды. Мұндай "ақылды камера" төңірегінде қақырынып-түкірініп, шалт басқанды қалт жібермейді. Қандай да бір құқық бұзушылықты бірден бейнемониторинг арқылы анықтайтын жүйені жоба авторлары жасанды интеллек көмегімен жасаған.

Компьютерлік бағдарлама адамның бет-әлпетінен бөлек, көлік маркасы мен моделін, түсін сәйкестіндіре алады. Қоғамдық орындарда қалған зат туралы да сигнал беретін "қасиеті" бар екен.

Камералар теміржол вокзалы, әуежай, қонақүйлер, көше мен сауда ойын-сауық орталықтары сияқты нысандарға орнатыла бастаған. Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде жоба өз тиімділігін көрсетіп үлгеріпті.

Құқық қорғау органдары "ақылды камералардың" арқасында адасып кеткен шетелдік қонақтар мен өз азаматтарымызды лезде тауып отырған.

Жалпы бейне-талдаудың көмегімен Астанада 46 құқық бұзушылық әрекетінің ізі кесіліпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде