{metadescription}
Елшілік Украина аумағынан тезірек кетуді ескертті
Елшілік Украина аумағынан тезірек кетуді ескертті

Елшілік Украина аумағынан тезірек кетуді ескертті

Қазақстан елшілігі отандастарымызға тез арада Украина аумағынан кетуді ескертті. Бұған әуе шабуылдарының жиілуі себеп. Әсіресе белсенді әскери іс-қимыл жүріп жатқан жердегі азаматтар сақтануы керек.

Дипломаттар отандастарымызды әуе шабуылы туралы ескертуге бейжай қарамауға шақырд әрі қауіпсіздік шарасын сақтап, ресми органдардың ұсынысына құлақ асуға кеңес береді.

Елшілік мұндағы  Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефонын жариялады. Елге оралу үшін қауіпсіз бағытты да ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін Испания, Италия, Грекия мен АҚШ елшіліктерінің Киевтегі өкілдіктерін жапқаны белгілі болған еді.

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі:

Украинадан Қазақстанға қайту үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Польша арқылы жол жүрген жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде