АҚШ алай-дүлей дауылдың астында қалды
АҚШ алай-дүлей дауылдың астында қалды. Соңғы он жылдағы ең жойқын циклоннан 100 мыңнан аса үй жарықсыз қалды. Табиғаттың тосын мінезінен бір адамның мерт болған.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
20.11.2024
Жылдамдығы сағатына 121 шақырымға жеткен жел Калифорния, Орегон, Вашингтон штаттарын бір сәтте астаң-кестеңін шығарды. Дауыл соңы нөсер жауын-шашынға, кейін ақтүтек боранға ұласқан. Биік ағаштар түбімен қопарылып электр желілерін зақымдады.
Мамандар табиғаттың бұл шәлкес мінезіне «циклон-бомба» деген айдар тағып үлгеріпті. Себебі, ауа қысымы небәрі бір тәуліктің ішінде күрт төмендепті.
Метеорологтар дауыл әлі де күшейеді деген болжам жасап отыр. Су тасқынынана, одан да жойқын боранға ұласу қаупі жоғары. Сондықтан тұрғындарға азық-түлікті үнемдеп, техникасын қуаттап алуға кеңес беріліп жатыр. Ал жергілікті билік апатты алдын алу үшін арықтар мен құбырларды тазартып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!