{metadescription}
«Акваөсіру туралы». 550 млн салған инвестор байқауға қатыспайтын болды
«Акваөсіру туралы». 550 млн салған инвестор байқауға қатыспайтын болды

«Акваөсіру туралы». 550 млн салған инвестор байқауға қатыспайтын болды

Өндіріс нысандарын тұрғызуға 550 миллион теңге қаражат салған инвестор су айдынын, көлдерді байқауға қатыспай-ақ, тегін ала алады. Кейбір депутаттың көңілін күпті еткенімен, осыған мүмкіндік беретін «Акваөсіру туралы» заңды Мәжіліс бүгін бірінші оқылымда мақұлдады.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

Енді сол көлдерді байқаусыз тегін беру сыбайластыққа алып келмей ме? Ертең сол жерде конкурс өткізгендердің көкесі,құдасы жүрмей ме? Осы инвестиция 550 миллион теңге қандай есепке сүйеніп есептелген?

Бағалай білгенге балық та байлық. Жаңа заң жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту, сондай-ақ қауіпсіз өнімді өсіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді дейді заң авторлары. Сондықтан жаңа инвестжобалар үшін балық шаруашылығын дамытуға халықаралық және республикалық маңызы бар

өзен-көлдер байқаусыз берілмекші. Кемі 550 миллион теңге инвестиция құюға әзір кәсіпкерлер Каспий теңізі, Бұқтырма су қоймасы сияқты ірі және терең су аймақтарында кәсібін дөңгелете алады. 

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Конкурстан тыс болатын болған соң, мұны инвестициялық комиссия бекітеді. Ол инвестициялық комиссияның құрамына уәкілетті органдар, жергілікті атқарушы биліктің, бассейн инспекция өкілдері. Сондықтан бұл жерде шешімді бір адам қабылдамайды. Ол тәуекелдікті азайтады деген өз ойымыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде