{metadescription}
Атыраудағы мал базарында Сібір жарасы шықты
Атыраудағы мал базарында Сібір жарасы шықты

Атыраудағы мал базарында Сібір жарасы шықты

Атырауда мал базарында өлген сиырдан Сібір жарасы анықталды. Бұл ірі қара Батыс Қазақстан облысынан әкелінген. Қазір мал базары карантинге жабылды. Ал, адамдар бақылауға алынып, мал соятын цехтар мен базарлар түгел тексеріліп жатыр.

Атырау қаласындағы  «Асыл агро» мал базарында Батыс Қазақстан облысынан әкелінген сиыр арам қатқан. Ветеринар мамандар өлеседен сынама алып зертханаға жіберіпті. Ірі-қарадан күйдіргі кеселі анықталды. Енді базар толық карантинге жабылды.

Нүркен Баяров, ҚР АШМ Ветеринарияны бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облысы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

 Батыс Қазақтан облысы Жанқала ауданы Жаңақащан ауылынан келген. Келген малдың ішінен бір бас ауырып өлді. Сібір жарасы анықталғаны рас. Қорытындысы келді. 16-сы күні жіберілген болатын. Астанаға ғылыми зерттеу орталығына. «Асыл агро» базары жабылды.

Алайда дәл сол мал базарындағы кәсіпкерлер сынама қорытындысына сенбей шу шығарды. Айтуынша, ол сиыр жемге күпті боп өлген.

Айдос Сайпеденов, кәсіпкер:

Біреудің жем беріп өліп қалған малын келесіңдер де, ауру шығарасыңдар. Ана кісінің малы, тек қана. Ол кісі жемді алдына мөшегімен лақтырып тастайды. Оған ешкім жауап бермейді ғой. Соның қасында тұрған адамдар, мысалы, бәрінің малы бар. Бәрі тірі. Тек сол кісінің малы өледі.

Ветеринарлар күйдіргі анықталған малды кәсіпкер Батыс Қазақстаннан бір өзін ғана әкелген деп отыр. Бірақ базар иесі ол сиырмен бірге жүздеген бас келгенін айтады. Оның бәрі сойылып кеткен.

Абу Құлбасов, мал базарының әкімшілігі:

Егер жабатын болса, ауру таралған болса, бүкіл базарды тексеріп, анализін алып, ол базарларға да  карантин жариялау керек қой. Тек бізді жауып қоймай. Неге десеңіз, сол күні келген малдың бәрін, 150 бастай, мал басқа базарларға таратып,  ет базарларында сойылып кетті.

Санитарлық дәрігерлер  мен ветеринарлар қаладағы барлық мал базарын бақылауға алғанын айтады. Тіпті ірі қараға екпе салынып, олармен байланыста болған адамдарды дәрігерлер бақылауға  алып жатыр.

Алтынгүл Аймұратова, Атырау облысы манитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

 Ауру мал анықталған жерге барып, мал күтіміне араласқан, малды әкелген, қарым-қатынаста болған адамның барлығы анықталып, денсаулық сақтау ұйымдарына берілді. Аты-жөні мен бар мәліметі. 14 күнге бақылауға алынып. Жалпы бұл инфекция адамнан адамға жұқпайды. Малдан адамға жұғады.

Мамандардың сөзінше, адамдардан бұл қауіпті инфекция әзірге анықталмаған. Атырау облысында Сібір жарасы соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын таралыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде