Экономика басқармасы: Алматыдағы орташа жалақы — 468 мың теңге
Алматыдағы орташа жалақы 468 мың теңге. Мұндай мәліметті қалалық экономика басқармасы таратып отыр.
Автор: Әсем Бақытжанова
20.11.2024
Олар алматылықтардың табысы «15 жарым пайызға өскен» деп отыр. Ал инфляцияны алып тастағанда, негізгі кіріс 5,7 пайызға артыпты.
Ал республика бойынша орташа еңбекақы 392 мың 600 теңге екен. Яғни оңтүстік астанадағы жұмыскердің жалақысы өзге өңірлердегілермен салыстырғанда 75 мың теңгеге артығырақ.
«Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталып тұр», - дейді басқармадағылар. Ал 2024 жылдың соңына дейін қала экономикасына жалпы салымды 2 трлн теңгеден асыруды көздеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!