Сәбиін перзентханадан дүркіретіп шығарамыз деп, қамалып, куәліктен айырылды
Сәбиді перзентханадан дүркіретіп шығарамыз деп, темір тордан бір-ақ шықты. Алматы облысында кортежбен шоу жасаған жүргізушілер сот шешімімен қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
20.11.2024
Алматы - Өскемен тас жолында ойқастап айдап, өзге жүргізушілерге кедергі келтірген жас жігіттердің видеосы өткен апатада шыққан. Олар Қонаев қаласындағы перзентханадан Арна ауылына қарай аттанған. Жол-жөнекей трассадағы көліктердің алдын бөгеп, ойына келгенін істеген. Ал камераға түсіп айыппұл арқаламас үшін, тіпті жалған нөмір тағып алған.
Полицейлер жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді шет-шетінен ұстағаннан кейін құжаттарының да түгел еместігі анықталды. Осылайша кортежге қатысқан көліктің бәрі айып тұрағына қойылды. Ал жүргізушілері темір торға тоғытылды.
Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:
— Қатысушылардың бірі бес тәулік, қалған үшеуі бір тәулік әкімшілік қамауға алынып, төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Тағы екі құқық бұзушыға айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!