{metadescription}
ҚазҰУ: Жаңа зертханаларда 400-ге жуық күрделі зерттеу жүргізіліп жатыр
ҚазҰУ: Жаңа зертханаларда 400-ге жуық күрделі зерттеу жүргізіліп жатыр

ҚазҰУ: Жаңа зертханаларда 400-ге жуық күрделі зерттеу жүргізіліп жатыр

Жас ғалымдар тоғысқан жер. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми инфрақұрылымы жаңа зертханалармен толықты. Қазір онда мамандар 400-ге жуық күрделі зерттеу жүргізіп жатыр. Мәселен, Алматыда жиілеп кеткен жерсілкінісі бойынша жапон және француз ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуде.

Әлия Ақтымбаева, ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы:

– Бізде геоморфология және геодинамика мәселелерді қарастыратын ғалымдар бар. Сол ғалымдар ол жер астындағы плиталардың жылжуы қандай, қай жылы қандай температура әсер етті, қазір тіпті климаттың өзгеруі де осы жер астындағы плиталардың жылжуына дегенді де бағалап, модельдеп жатырмыз. Жерасты жылжитын массалар бар ғой, сол массаны сезетін сезімталдық датчиктарды қоямыз, осы КазМУ-дың аймағына қоямыз. Тұрғындарға біз бес минут болса да, айта аламыз, мынадай балл жер сілкінісі келе жатыр деп.

Биыл еліміздің батысында болған су тасқынын да осындағы мамандар зерттеген. Бұған қоса Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ғарышқа микроспутник ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл жобаны қытайлық әріптестерімен бірлесіп жүзеге асыруда. Қазір мұндағы заманауи құрылғылармен жабдықталған зерттеу орталығының саны 140-қа жеткен. Нәтижелі зерттеу оқу орнының рейтингін жоғарылатуға тікелей әсер етеді екен.

Биыл Қазақ ұлттық университеті әлем бойынша ТОП-200 университет тізіміне енген. Ғылымға ден қойған оқу ордасының құрылғанына биыл 90 жыл. Бүгінде Түркия мен Қырғызстанда филиалдары бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде