{metadescription}
Қайырымдылық қорлары жаппай тексеріледі
Қайырымдылық қорлары жаппай тексеріледі

Қайырымдылық қорлары жаппай тексеріледі

Жоғары аудитор палатасы қайырымдылық қорларын жаппай тексермекші. Палата төрағасы Әлихан Смайылов бүгін депутаттар назарына тиісті норманы әкеліп таныстырғанын айтты. Десе де жұрт жиған жылудың қалай жұмсалып жатқанын тексеру үшін арнайы өзгеріс енгізу керек болып шықты.

Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудитор палатасының төрағасы:

Біз бүгін арнайы норманы депутаттар назарына ұсындық. Оған сәйкес, жоғары аудиторлық палата тек мемлекет қатысуымен құрылған қайырымдылық қорларын тексеруге қақылы болады.

Қайырымдылық қорларына жиналатын есепсіз ақшаны тексеру керектігі, блогер Перизат Қайраттың тасқыннан зардап шеккен отбасыларға деп жалпақ жұрттан жылу жинап, кейіннен қолды қылғаны туралы ақпар шыққаннан кейін өрши түскен.

Biz birgemiz қайырымдылық қоры төрайымының ізіне Қаржы мониторинг агенттігі түскелі, депутаттар мен жекелеген министрлер мұндай ұйымдардың тірлігіне қырын қарай бастаған.

Жалпы қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайырымдылық қорларының шотын тексеріп, жұмсалып жатқан ақшаның қайда кетіп жатқанын тексеруге ешкімнің құқығы жоқ. Алайда депутаттар бүгінгі ұсынысты құп көрсе, мемлекеттің қатысы бар қордың барлығы сүзгіден өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.