{metadescription}
Ақтөбедегі түрмеге адам сыймай жатыр
Ақтөбедегі түрмеге адам сыймай жатыр

Ақтөбедегі түрмеге адам сыймай жатыр

Ақтөбедегі түрмеге адам сыймай жатыр. Жеті жүз жазасын өтеушіге арналған мекемеге қамалғандар қазір тоғыз жүзге жеткен. Бірақ бәріне бірдей жағдай жасап отырмыз дейді колония басшылары. Тура бір апта бұрын №8 түрменің тазалығына қатысты сотталғандардан шағым түскен-ді. Осыған байланысты КТК арнасының тілшісін жабық мекеменің жай-күйімен танысуға арнайы шақырды.

Күзеті мықты мекемеге сырттан күнде қонақ шақыра бермейді. Темір тордың арғы жағын көруге қарапайым адамдарға тыйым салынған.

Жазасын өтеушілердің арызынан соң, қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер тілшілер көріп-білсін деп, №8 мекеменің есігін ашты. Сотталғандар бұған дейін ескірген барак пен ыдыс аяқтарына дейін таспаға түсіріп, бейнероликтерін редакциямызға жолдаған-ды.

Мұны телефонға түсіргендер жазасын алыпты. Себебі байланыс құралын түрмеде қолдануға тыйым салынған. Ал тазалық сақтау жазасын өтеушілердің өз міндеті. Түрме басшылары жүзден аса адам тұратын үш жасақтың тұратын жерін көрсетті. Қарауылы қалт жібермейтін жерде еркін аралауға рұқсат жоқ. Жазасын өтеушілер де сөзге сараң. Бірақ тілдескені шағымымыз жоқ деп отыр.

Нұрсұлтан Бижанов, жазасын өтеуші:

Мекемеде үш мезгіл тамақтандырады. Аптасына бір рет моншаға түсіреді. Аптасына төсек жабдығын ауыстырғызады, өздері береді. Мекемеге прокуратура, КУИС, ДУИС-тан келіп, осында тексеріс жүргізеді. Ешқандай арыз-шағымымыз жоқ.

№8 болғанымен, ақтөбеліктер сырттай бұл жерді «алтыншы түрме» атап кеткен. 1957 жылы салынған мекеме 700 жазасын өтеушіге шақталыпты. Бірақ соңғы жылдары сотталғандар саны көбейіп, екі жүз адам артық орналасқан. Бірақ барлығының қарны тоқ, тұрмыс жағдайы жақсы дейді түрме басшылары. Ал арызданып айқай-шу шығаратындар ауыр қылмыс жасап, арнайы камераға оқшауланғандар екен. Онымен қоса ережеге бағынудан бас тартып, қосымша жаза арқалағандар.

Қанат Алпысбаев, Ақтөбе облысы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары:

Шағым берушілер, негізі қатаң түрдегі жасақтағы сотталғандар біздегі қатаң түрдегі оқшаулаған соң, шағымдану болған. Тұрмыстық қажеттілік қарастырылған, жасақ ішінде. Қазір ештеңе қажет етпейді.    

Түрмедегі 300-ге тарта жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Киім тігеді, ағаштан түрлі бұйым жасайды. Еңбегіне сай айлық алады. Енді қалған 600 адам қамауда бос отырмау үшін бизнесмендерді түрмеден кәсіп ашуға шақырып жүр. 

Валерий Шатравко, жазасын өтеуші:

Арнайы киімдер тігеміз. Біреулер пішілген матаны көктеп жатса, біреуі астарын тігеді. Әркімге жүктелген тапсырма бар. Айлығыма керек-жарағымды аламын. Негізінен темекі, шай, азық-түлік сатып аламын.

Сотталғандардың сауда жасайтын дүкені мен ондағы тауар бағасын біле алмадық. Асхананы да түрме басшылары көрсетуден бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде