Астанада қоқыс шығару екі жарым есеге қымбаттауы мүмкін
Астанада қоқыс шығару қызметі бірден екі жарым есеге қымбаттауы мүмкін. Өйткені әкімдік 2020 жылы адам басына 390 теңге деп бекітілген тарифті «көтеретін кез келді» отыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.11.2024
Бұл ұсыныс қолдау тапса, тариф 1003 теңге болмақ. 2012 жылы елорданың бір тұрғыны жылына екі текше метр қоқыс тастаса, қазір ол норма үш текше метрден асқан. Бас қалада тұрмыс қалдығын шығарумен төрт компания айналысады. Мұндай бәсекелестік арқасында қоқысты жию, сұрыптау, көзін жою қызметінің сапасы да артады деп отыр шенеуніктер.
Тариф көтеру мәселесі ашық талқылауға салынады. Мұнымен қоса, Сенаттағылар да барлық коммуналдық қызметтің бағасын қайта қарайтын кез келді деп отыр.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
— Біз тарифті өсіруге тиіспіз. Көп жылдан бері тариф өзгерген жоқ. Сондықтан да біздің жылу, жарығымыз барлық тұрғын үй, коммуналдық кешеніміз мүшкіл жағдайда. Тарифті қайда өсірмесе болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!