{metadescription}
Қарағандыда медициналық университет жанындағы колледж жабылды
Қарағандыда медициналық университет жанындағы колледж жабылды

Қарағандыда медициналық университет жанындағы колледж жабылды

Қарағандыда медициналық университет жанындағы колледж жабылды. Оқу орнының лицензиясының жарамдылық мерзімі  бітіп, оны қайта алуға мүмкіндік жоқ екен. 200‑ден аса болашақ фельдшер, медбике мен тіс дәрігерлері енді басқа колледждерге ауыстарылады.

Ангелина Гирковая, медициналық колледж студенті:

Бізге алғашында 4-курсқа дейін оқисыңдар, алаңдамаңдар осы медициналық колледж дипломын аласыңдар деп келді. Әрине, көңіліміз құлазып қалды.

«Колледж жабылады екен» деген хабар студенттер мен атааналарды жабырқатып қойды. Оларға Қарағандыда бар екі оқу орны ұсынылған. Екінші семестрде оқуын сол жерде жалғастырады. Сонымен қатар олар қалауынша басқа қалаларда да оқи алады. Дүйсенбі күні ата-аналармен жалпы жиналыс өтпек. Оқу орнының өзінде университет жанындағы колледж осыдан екі жыл бұрын жабылуы жоспарланғанын айтады. Сол кезде-ақ абитуриенттерді қабылдау тоқтапты. Қалғанын оқытып шағаратын болған. Бірақ оқу ордасында биыл қайта ұйымдастыру жүрген. Сондықтан барлық лицензяны қайта алуы керек. Ал жақында жабылайын деп жатқан колледж жаңа талаптарға сай келмейді. Сондықтан оқу жылының ортасында колледжді жабуға тура келді. Студенттермен қатар 22 педагог қысқартуға ілінді. 

Қуатбек Төлеубеков, Қарағанды медициналық университетінің проректоры: 

Біз дәрегерлерді даярлау мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі даярлыққа мән береміз. Ал орта кәсіби білім беру мен дайындау бізге қиындау болып тұр. Бұл медицина университетінің негізгі бағыты емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде