{metadescription}
Қаңғыған иттерді күтіп ұстау шешімі қабылданса, жылына 450 млрд жұмсалады
Қаңғыған иттерді күтіп ұстау шешімі қабылданса, жылына 450 млрд жұмсалады

Қаңғыған иттерді күтіп ұстау шешімі қабылданса, жылына 450 млрд жұмсалады

Қаңғыған иттерді өлтірмей, оны күтіп ұстауға қатысты шешім қабылданса, жылына бақандай 450 млрд теңге жұмсалады. Мұндай сома бүгін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын Мәжілісте талқылау кезінде айтылды. Ал күніне бұралқы иттерге 1 миллиард теңгеден аса қаржы қажет болады деді экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Нұркен Шәрбиев.

Нұркен Шәрбиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің вице-министрі:

Өткен жылы 247 мың ит ұсталды және оны зарарсыздандырып, вакцинациялауға 16 млрд теңге қажет. Бұл бір жылға ғана. Ал егер табиғи өліміне дейін күтіп ұстасақ, онда бір жылда ұсталған иттерге күніне 1 миллиард 200 миллион, ал жылына 450 млрд теңге керек болады. Орташа есеппен бір итті күтіп ұстауға күніне 5000 теңгедей кетеді.

Иесіз иттердің тағдыры жайлы көкейкесті мәселе парламент қабырғасында үш сағат бойы қызу талқыланды. Шараға шақырылған заңгерлер, зоо-қорғаушылар мен қаңғыған жануарлардан зардап шеккендердің келтірген пікірі сан алуан.

Дегенмен мәжілісмендер тиісті құжатқа иесіз жануарлардың санын реттеу үшін эвтаназия қолдануды көздейтін норма енгізуді ұсынып отыр. Бұған себеп те жоқ емес. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, екі жыл бұрын көше кезген иттер 22 мың адамды қапса, былтыр ол көрсеткіш 50 мыңға жеткен. Ал биылғы динамикаға қарап, одан да асып түсуі мүмкін деп болжап отыр. Бұл сұмдық жағдайдың 65 пайызы сол бұралқы иттердің кесірінен болған. Сондықтан депуттар қоғамға қайғы-қасірет әкеліп отырған жайттан сабақ алып, дереу заң жүзінде шара қабылдау керек екенін алға тартуда.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

Көріп отырмыз, дилемма туындап отыр. Біз жануарлардың өмірін қорғаймыз ба, әлде азаматтардың өмірін қорғаймыз ба? Оның ішінде балалардың. Мен үшін осы заң бастамашыларының бірі есебінде, маған адамның өмірі қымбат.Мүмкін жаңа айтылған әкімшілік кодексте, тіпті қылмыстық кодексте осындай жауапкершілік күшейтуіміз керек шығар. Бізге ең бастысы, қожайыны жоқ ит далада жүрмеу керек, еуропадағыдай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде