Рекорд: Алматы әуежайынан ұшқан жолаушы саны 10 миллионға жетті
Алматы халықаралық әуежайында рекорд тіркелді! Жыл басынан бері оңтүстік астананың әуежайынан ұшқан жолаушы саны бүгін алғаш рет 10 миллионға жетті.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
21.11.2024
Гөкер Көсе, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті:
— 10 миллионыншы жолаушы біздің автоматты жүйе арқылы анықталды. Алматы әуежайындағы жолаушылар нөпірі жылдан жылға өсіп келеді. Былтыр біз 9 жарым миллион адамға қызмет көрсеткен болатынбыз. Биыл оның саны 11 миллионнан асады деген үміт бар. Жылына 20 миллион жолаушыны қарсы алатын күн де алыс емес.
Ішкі рейспен келген 10 миллионыншы жолаушыны әуежай ұжымы сән-салтанатпен қарсы алды. Ол — 47 жастағы Алматы тұрғыны Шолпан Садықова. Әйел қарт ата-анасымен Шымкенттен ұшып келді. Сарыағашта демалып келе жатқан жолаушыны тағы да естен кетпес сапар күтіп түр. Себебі, Алматы халықаралық әуежайы оған Грузияға екі адамға арналған жолдама сыйлады. Шолпан өзінің 10 миллионыншы жолаушы екенін естігенде, сенер-сенбесін білмегенін айтады.
Шолпан Садықова:
– Ұшақта айтты, «сізге сыйлық бар» деп. «Бауырым сыйлық дайындап қойған шығар» деп ойладым. Ол кісі күтіп алу керек болған. Бірақ айтты, «10 миллионыншы жолаушы болдыңыз, сізге осындай сыйлық сыйлаймын» деп. Екі адамға Грузияға жолдама. Анаммен барамын деп жоспарлап отырмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!