Қарағандыда жеңіл көлік қарсы келе жатқан автобуспен бетпе-бет соғылды
Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 27 жастағы жігіт көз жұмды. Ол тізгіндеген көлік қарама-қарсы келе жатқан автобуспен бетпе-бет соғылған. Апатқа ұшыраған автобуста 30-дан аса жолаушы болыпты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.11.2024
Оқиға таңғы сағат тоғыз шамасында болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан «Лада приора» қарсы бағытта Теміртауға бағыт алған автобусқа бетпе-бет соғылған. Ауыр соққыдан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі ішіне кіріп кетіпті. Жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал жанындағы жарақат алған жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді. Автобус жүргізушісі жеңіл жарақаттанған. Қоғамдық көлік ішіндегі жолаушылар дін аман.
Жансая Жүнісова, Қарағанды облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері:
— Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жылдамдықты асырмау, ара қашықтықты сақтау бойынша жол жүру ережелерін қатаң ұстануды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!