{metadescription}
Сібір жарасы: Атырауда мал сойған қасапшы ауруханаға жатқызылды
Сібір жарасы: Атырауда мал сойған қасапшы ауруханаға жатқызылды

Сібір жарасы: Атырауда мал сойған қасапшы ауруханаға жатқызылды

Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен бір адам инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Науқас ауру малды сойған қасапшы екен.

Альмира Сабырғалиеа, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

17 адам медицина қызметкерлерінің қадағалауында. Бір адамның қызуы көтеріліп, аурухағана жатқызылды. Сібір жарасына күдікті деп. Қазір науқастың жағдайы жаман емес. Зерттеуге алынды, анализ қорытындысын күтіп отырмыз.

Науқастың әзірге нақты күйдіргі кеселін жұқтырғаны расталған жоқ. Себебі зертханалық сынама нәтижелері әлі дайын емес. Бейресми ақпарат бойынша, ол Өзбекстан азаматы екен. Мал базарында қасапшы болып жұмыс істеген.

Кесел тараған бұл базарда тағы бір сиыр арам қатқан. Өлекседен сынамалар алынып, зертханаға жолданыпты.

Қазір Атырау аумағына Батыс Қазақстан облысынан және Құрманғазы ауданынан мал әкеле жатқан көліктер тоқтатылып тексеріліп жатыр. Анықтама қағаздары жоқтар кері қайтарылуда. Сонымен қатар мал соятын жерлердің бәрін жіті тексеріп жатыр.

Амангелді Саламат, Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Сібір жарасы анықталуына байланысты қаладағы 4 мал сою пунктінен және сауда орындарынан 55 сынама алынды. Қорытындысы 7-10 күн аралығында шығады. Кеше тағы бір мал өлімі тіркелді. «Асыл-Агро» базарында. Одан сынама алынды. Астанаға жіберілді. Қорытындысы бес күн ішінде шығуы керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.