Алматы метрополитені құқығы бұзылған кәсіпкерлерге артық төлемді қайтарып берді
Алматы метрополитені кәсіпкерлерге 12 миллион теңгеден аса қаражатты қайтарып берді. Себебі, мемлекеттік мекеме салықты нысандарды жалға беруден түскен ақшамен жауып келген. Бұл заң бұзушылықты Бас көлік прокуратурасы әшкереледі.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.11.2024
Метрополитен басшылығы салық төлеміне өз бюджетінен ақша шығармаудың тың жолын тауыпты. Яғни бұл үшін метродағы сауда орындарын жалға алушыларды қосымша келісім жасауға мәжбүрлеген. Ал кәсіпкерлер соған сай, артық төлем жасап келген. Бұл жағдайдан 11 жалға алушы зардап шеккен. Қазір метрополитеннің заңсыз талаптары жойылған. Ал мекеменің өзі құқығы бұзылған кәсіпкерлерге артық төлемді қайтарып берді.
Альмира Бекжан, ҚР Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі:
Метрополитен басшылығы салық шығынын сауда алаңын жалға алушылар есебінен өтеуге шешім қабылдап, ол үшін оларды қосымша келісім жасауға мәжбүр еткен. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша салық төлемін жабу бөліміндегі заңсыз талап келісімнен алынып тасталды. Ал кәсіпкерлерге 12 жарым миллион теңге қайтарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!