{metadescription}
Сібір антициклоны : Боран соғып, солтүстік өңірлерде күн суытады
Сібір антициклоны : Боран соғып, солтүстік өңірлерде күн суытады

Сібір антициклоны : Боран соғып, солтүстік өңірлерде күн суытады

Елімізге Сібір антициклоны келе жатыр. Сондықтан жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, солтүстік өңірлерде 20 градусқа дейін төмендейді деп болжайды мамандар. Ал оңтүстіктегі аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Сібір антициклоны біртіндеп солтүстіктен орталық және Шығыс Қазақстанға қарай ығысады. Синоптиктер алдағы аптада ең суық ауа райы шығыста тіркеледі деп отыр. Мұнда термометр көрсеткіші түнде минус 23 градусқа дейін төмендейді.

Жалпы алдағы күнге қысқа мерзімді болжам жасаған мамандар, қыс әдеттегі климаттық шектің деңгейінде болады деп отыр.

Мақпал Ботаева, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі:

Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералы фронталды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын, жаңбыр мен қар аралас түрінде, желдің күшеюі, ауылдарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі. Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы түнде 10,18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында 23 градус аязға дейін төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде