Павлодар облысында жоғалып кеткен оқушы аман-есен табылды
Павлодар облысында жоғалып кеткен оқушы аман-есен табылды. Екібастұз қаласында тұратын жасөспірім түн жарымында үйінен шығып кеткен. Соңғы рет анасына темір жол бойында кетіп бара жатқан видеосын жолдапты.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.11.2024
Тас қараңғыда шойын жолда не істеп жүргенін 9-сыныпта оқитын Темірлан тәртіп сақшыларына айтпаған. Дегенмен, оны іздеуге 300-ге жуық адам мен 20-дан аса техника шыққан. Олар қаладағы үйлердің жертөлесі мен қуыс-қуыстарын түгел тінтіпті. Тіпті көктен тікұшақ пен дрон арқылы шолып шыққан. Соның нәтижесінде аспаннан түсірген видеодан оның саяжай ұжымдарының бірінде жүргені анықталып, табылды. Оқушының түн ішінде үйінен неге қашып кеткені анықталып жатыр. Баламен психолог мамандар айналысуда.
Жанар Белялова, Павлодар облысы ПД ресми өкілі:
— Іздеуге үш 300-ге жуық азамат артылды. Сағат бір шамасында ұшу аппаратының арқасында кәмелетке толмаған бала саяжай қоғамдастығы аумағында байқалды. Тамирлан қазір туыстарымен бірге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!