{metadescription}
Ақтөбе облысы: Ірі көлемде пара алған депо бастығы сотталды
Ақтөбе облысы: Ірі көлемде пара алған депо бастығы сотталды

Ақтөбе облысы: Ірі көлемде пара алған депо бастығы сотталды

Ірі көлемде пара алған, Ақтөбе облысында осындай айыппен депо бастығы сотталды. Жемқорлыққа қатысы бар тағы үш адам да жазасыз қалмады. 

«Қазақстан теміржолы жүк тасымалы» компаниясына қарасты «Жем» локомотив депосының бастығы 1 жарым миллион теңгені тепловоз машинисі етіп жұмысқа орналастыру үшін алыпты. Бастыққа оны сол депоның кадр жөніндегі қызметкері алып келген екен. Пара бергенде де сол қызметкер делдал болған. Енді депо бастығы 3 жыл 6 айын темір тордың ар жағында өткізеді.

Сондай-ақ пара берген азамат пен оның танысы үш жылға, ал делдал болған теміржол қызметкері бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. 

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субьектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот актісі заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде