Алматыда түнде адам тонап жүрген қос қарақшы ұсталды
Алматыда түнгі уақытта жұртты тонап келген қос қарақшы ұсталды. Күдіктілер жалғыз жүрген адамдардың ізіне түсіп, бағалы заттарын тартып алып отырған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.11.2024
Осындай әрекеттерінің бірі бақылау камерасына түсіп қалды. Видеода түнгі бір шамасында қаннен-қаперсіз өтіп бара жатқан жігітке тап береді. Күш көрсетіп, қорқытқан. Сөйтіп қолындағы телефонын тартып алыпты. Түнгі қарақшылар көбіне осы телефон мен гаджеттерді қолды қылумен айналысыпты. Екеуі де Алматыға басқа жақтан келген. Қазірдің өзінде олардың кемі бес қылмысқа қатысы бар екені анықталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!