Тәуелсіздік күні: Отандастарымыз қатарынан үш күн демалады
Биыл Тәуелсіздік күніне орай, отандастарымыз қатарынан үш күн демалатын болды. Себебі, 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.11.2024
Қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері үйде болады. Ал 31 желтоқсан — жұмыс күні. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал бесі мен алтысы — жұмыс күні. Жетінші қаңтарда, Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары