{metadescription}
Былтыр Ресей Қазақстанға $3 миллиардқа жуық инвестиция құйған
Былтыр Ресей Қазақстанға $3 миллиардқа жуық инвестиция құйған

Былтыр Ресей Қазақстанға $3 миллиардқа жуық инвестиция құйған

Өткен жылы Ресей Қазақстанға 3 миллиард долларға жуық инвестиция құйған. Көрші мемлекет еліміздің негізгі экономикалық серіктесі. Өңірлерде екі ел тарапынан бірлескен шағын компаниялармен қатар, ірі өндіріс орындары да ашылған. Мысалы, Ресеймен бірлескен Қарағанды фармацевтикалық зауытында келесі жылы екі жаңа препарат шыққалы жатыр. Ал көрші ел өкілдерімен бірлекен Ақтөбе облысындағы компания керамика өндірісін ұлғайтпақ.

Ақтөбе облысында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен 700-ге жуық кәсіпорны бар. Оның бірі керамика шығаратын зауыт. Өнімнің жартысы көрші елге экспортталады. Мұнда жылына 5 миллион шаршы метр керамогранит жасалады. Мамандар сұраныс артып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан өндірісті кеңейту жоспары бар. Жобаға 20 миллиард теңге құйылады. Осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Ағәділ Жұмаділ, жоба менеджері:

Бұл зауыт ұтымды тәжірибе арқылы жақсы жұмыс істеп кетті. БІз ары қарай да дамуға қаржы салып, өндірісті ұлғайтамыз. Үшінші кезектің құрылысын бастаймыз. Онда плитаның жаңа форматы шығып, жаңа тенденция жасаймыз. Өндіріс қуаты 4 миллион шаршы метр, оны болашақта 8 миллионға дейін жеткіземіз.

Биыл Ақтөбе облысы мен Ресей федерациясы арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларға жетті. Ресей өңірдегі тауар айналымының 32% пайызын алатын негізгі серіктес. Ақтөбе облысында бірлескен шағын және орта бизнеспен қатар ірі өндіріс орындары да бар.

Досжан Әлібеков, Ақтөбе облысы индустрия-инновация даму басқармасының басшысы: 

Көп экспортталатан тауар мыс пен хром рудасы. Ал Ресейден бізге қарай қант, жартылай дайын металл өнімдері мен басқада тауар келеді. Өңіраралық негізгі серіктестер Орынбар, Челябинск, Мәскеу, Башқұртстан.

Ал Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт жөнінде ел тұрғынары пандемия кезінде білді. Мұнда елімізде бірінші болып короновирусқа қарсы вакцина шығарыла бастады. Қазір аталған мекеме тағы екі жаңа препарат шығаруға дайын. Зауыт онкологиялық, неврологиялық және кардиологиялық ауруларды емдейтін дәрілер өндірмекші. Зауыттан шығатын медикаменттер құны жылына 25 миллиард теңге. 

Владимир Фольмер, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өндіріс бойынша директоры:

Ресейлік компаниялар ашық және осы препараттарды шығаруда өз технологиясын ұсынады. Сонымен қатар дәрі жасауға кететін шикізаттың жартысын солардан сатып аламыз. 

Бүгінде Ресейден Қазақстанға келетін инвестиция күн санап өсіп келеді. Былтырдан бері ресейліктердің қатысуымен елімізде 4 мыңнан аса компания ашылған. Құйылған инвестиция көлемі 2,9 миллард долларды құрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.