{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Қарағандыда жыл құстарына қамқорлық жасалды
«Таза Қазақстан»: Қарағандыда жыл құстарына қамқорлық жасалды

«Таза Қазақстан»: Қарағандыда жыл құстарына қамқорлық жасалды

Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында құстарға ұя салынды. Мектеп, жоғарғы оқу орындары мен түрлі мекеме қызметкерлері қаланың әр бөлігінде қоректендіргіш ұяшықтар орнатып, жыл құстарына қамқорлық жасады.

Орталық мешіт аумағындағы қоректендіргіш қораптар жазда гүлзар тұратын бағаналарға бектіліпті. Мұны табиғи ресурстар басқармасының орманшылары өз қолымен жасаған. 30 шақтысы орталық мешіт ауласына орнатылды. Алла үйіне келушілер сауапты іс жинап, ішіне жемін толтырып тұрады деген де ниет бар.

Ең бастысы қыстайтын құстардың қар астынан қорек таба алмай қырылып қалуына жол бермеу. Ал оны жасауға еш шығын шықпайды, тек ниет болса болғаны. Бүгінге дейін қаланың әр бөлігіне осындай 55 ұя ілінген. Енді жүзге жеткізу жоспарда бар.

Сәкен Келдібаев белсенді: 

Қаламыздың мектептері қолдап, бүгін таңертең хабарласты, №14 мектеп Майқұдықа келіңізші, көрсетіңізші, біз де жасап құрайық деп. №102 мектеп дайындалып жатыр. Сосын күнгейдегі биылғы ашылған №26 мектеп те дайындалып жатыр. Мешіт қызметкерлері қолдап, он шақтысын жасап, ауласына ілеміз деп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде