{metadescription}
Суицид: Ақтөбеде жауынгер қазасына байланысты тергеу басталды
Суицид: Ақтөбеде жауынгер қазасына байланысты тергеу басталды

Суицид: Ақтөбеде жауынгер қазасына байланысты тергеу басталды

Ақтөбедегі әскери бөлімде жауынгер қазасына байланысты тергеу басталды. Гарнизон басшылығы сарбаздың суицид жасағанын растап отыр.

Өзін атып өлтірді деген азамат биыл сәуірде әскер сапына алынған. Бейресми деректерге қарағанда, жігіт Отан алдындағы борышын өтеп жүргенде сүйіктісі тұрмысқа шығып кеткен көрінеді.

Қаралы хабарды естіген бойда Ақтөбеге жеткен сарбаздың анасы ұлының өлімін әскердегі қызметімен байланыстырмайды. Денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ деп отыр.

Ирина Боровец, марқұмның анасы:

Әскерге қатысты шағым айтпады. Бізбен тұрақты хабарласып тұрды. Қыздардың анасына айтатыным бар. Әскерде жүрген балаларға сырттағы жайсыз хабарды жеткізбей, тыныш жүрсін. Сараптама жасалмай тұрып, ұлымның мәйітін көрдім. Денесінде ешқандай дақ, ұрған белгі жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.