Запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады
Запастағы офицерлер енді екі жылға әскери қызметке шақырылады. Үкімет қаулысына сәйкес, 2025 жылы осындай 915 запастағы офицер қызметке тартылады.
Автор: Мерей Қалиасқар
25.11.2024
Ол азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, Шекара қызметінде, Ұлттық ұланда және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет атқаруы тиіс. Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резерв жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылғалы отыр.
Еске салсақ, биыл елімізде қызметке жарамды, алайда оны өтемеген 752 запастағы офицер әскери қызметке шақырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!