{metadescription}
Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып ауруханаға түскен
Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып ауруханаға түскен

Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып ауруханаға түскен

Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып, балалар ауруханасында жатыр. Айтуынша, директордың орынбасары ұлдарды жертөлеге кіргізіп алып, сағаттап ұрған. Ал оған себеп — студенттердің мұғалім туралы әлеуметтік желідегі әзілі. «Парасат» колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары үлкен курс студенттері мен дене шынықтыру мұғалімдерін жинап, солардың көзінше сабады дейді тәлімгерлер. Дегенмен педагогтің өзі мұны жоққа шығарып отыр.

Жұма күнгі түсірілім. «Парасат» колледжінің екі студенті қансырап үйіне келген соң, шошыған ата-ана дереу полицияға жетектейді. Арыз жазып шыққан студенттер колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары жертөлеге кіргізіп, үшінші курс студенттері мен мұғалімдердің көзінше сабағанын айтып берген.

Әбдіғаппар Ырысалиев, II курс студенті:

Бетімізден де, денемізден де аямай ұрды, құлаған кезде аяқпен де тепкіледі. Қазыбек ағайдан таяқ жеп жатқан кезде үлкен курстың студенттері қарап тұрды, ал сол жерде болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің біразынан шапалақ та жедік. Негізінен соққыны Қазыбек ағайдан алдық, ұрып жатқан кезде ол кісі «егер арызданатын болсаңдар, көміп тастаймын» деді.

Әбдіғаппар миы шайқалып ауруханада жатыр. Ал оның туыстары бүгін колледжге мәселенің мән-жайын білмекке аттанды. Ұлдары таяқ жеді деген жертөлені көрді.

Соққыға жығылған студенттердің бірі  Константин Зорин директордың орынбасарының «ТикТок парақшасындағы бір әңгімеге күлгеніміз үшін таяқ жедік» деп отыр.

Константин Зорин, II курс студенті:

Қазыбек ағайдың екі саусағында жаңа түскен тыртығы болуы керек. Себебі мені ұрған кезде қолы тайып кетіп, жиһазға тиіп қанағанын көрдім. Оның бар ашуына оның ТикТоктағы бір видеосына күлгеніміз болды. «Ешқандай жаман ойымыз болған жоқ» дегенімізді тыңдаған да жоқ. Жертөлеге кіргізіп, быт-шытымызды шығарды.

Қазыбек Ержанов мұның бәрін жоққа шығарды. Тіпті соққыға жығылған қос студентті «бүкіл колледж бұзақы ретінде таниды» дейді директордың орынбасары. Былтыр полиция шақыруға тура келген екен. «Мүмкін соны кешіре алмай, жала жауып жатыр» деп ақталды.

Қазыбек Ержанов, «Парасат» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Әбдіғаппар мен Костя сізді ұрды деп тұр.

Жоқ, мен ұрған жоқпын. Дәлел жоқ оған.

Қолыңыздағы ше?

Иә, қолымдағы жағдай мен жер үйде тұрам, есік алдында талымды аралаймын. Жарақаттарым бар. Ол туралы емес ол. Мен Абзалдан сұрап білдім. «Сендер Костя мен Ғафур деген балаларды ұрғансыңдар ма деген едім, «ағай, біз оны ұрдық-соқтық, ол жерде қан болды, мойындаймыз, мұғалімдер көріп қояды ғой деп сүрттік, тазаладық, оның несін жасырамыз» деді.

Ғимаратта орнатылған бейнебақылау камералары тола болғанымен, сол күні барлығы істен шыққан.

Соққыға жығылған студенттердің ата-анасы ұлдарын оқу орнынан шығарып алды. Полицияға арыз жазып, прокуратура істі бақылауына алса деген өтініші бар. Ал таяқ жеген жігіттердің «жас болса да, тым қу» деген колледж басшылығы жала жабу дерегімен «біз де арызданамыз» деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.