{metadescription}
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады. Үкімет Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 150 орындық білім ошағының құрылысына 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша баласын көрші ауылдарға оқытуға тасып жүрген ата-аналардың мәселесі біржолата шешілмек.

Қазір ауылда бар-жоғы 60 орындық бастауыш мектеп жұмыс істеп жатыр. Ата-аналар 4-сыныпты бітіргеннен кейін оқушыларды 60 шақырым қашықтағы Доссор кентіндегі мектеп-интернатына тасып апаруға мәжбүр. Жаңа нысан салынса, оқушылар қатынап оқуын доғарып, сол ауылында-ақ сапалы білім алуға жағдай жасалады дейді шенеуніктер.

Айта кетейік, осы және өзге де әлеуметтік жобалар арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен іске асырылуда.

Қанат Алпанов, Қызылқоға ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Осы жерден қосымша жұмыс орындары пайда болады. Себебі бізге мұғалімдер келу керек. Сонымен қатар интернатқа Жамансор елді мекенінің қасындағы Кенбай бекеті мен Кенбай елді мекенінің балаларын орналастырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.