{metadescription}
Алматы облысы: 300-ге жуық отбасы сатып алған жеріне үй тұрғыза алмай жүр
Алматы облысы: 300-ге жуық отбасы сатып алған жеріне үй тұрғыза алмай жүр

Алматы облысы: 300-ге жуық отбасы сатып алған жеріне үй тұрғыза алмай жүр

Жер аламыз деп, жер сипап қалды. Алматы облысында 300-ге жуық отбасы сатып алған жер телімдеріне баспана тұрғыза алмай отыр. Себебі: аталған жер телімі тек шаруа қожалығын ашуға арналған. Тірнектеп жинап сатып алған жеріне үй салуға рұқсат жоқ болып шыққан. Енді олар кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Байсеркедегі құны кемі 2 миллион теңге тұратын жер телімін 300-ге жуық адам осыдан екі‑үш жыл бұрын сатып алған. Алғашында баспаналы боламыз деп қуанған жұрт, енді тығырыққа тірелгенін айтады. Өйткені жақында ғана әкімдіктегілер мұнда «үй салуға болмайды» деп ескерткен.

Наразы топтың басым бөлігі жерді бөліп төлеуге алған. Ал оның құжатын төлем біткеннен кейін алу керек. Бірақ жер телімін сатқан жеке кмпания өкілдері «ақырындап құрылысты бастай беріңдер» депті. Сөйтіп кейбірі болашақ баспанасының іргетасын қалап қойыпты.

Алматылық Маржан Сайфуллаева осы жерден екі бірдей жер телімін алған екен.

Маржан Сайфуллаева:

Жер алдым. Қуандық, бәріміз жер алғанымызға. Мына жағымыз тауық ферма, мына жағымыз мал фермасы. Мидай дала, мына жер, ит байласа тұрмайтын жер. Мейлі, оған да көндік. Әйтеуір жер ғой, жер болады ғой деп. Біз бұл жерде бір учаскеміз алты жарым сотық, біреуі жеті де екі сотық. Сегіз жылға алдық, айына 35 мың теңгеден төлеуге.

Сөйтсе, бұл жер телімінің дәл қасында құс фабрикасы орналасқан екен. Жерді жаппай сатқандар клиеттеріне бұл туралы ескертпеген көрінеді. Ал заң бойынша мұндай кәсіпорынның қасына үй салуға болмайды. Сондықтан наразы жұрт ақшасын қайтарып беруді талап етіп отыр.

Раушан Есбергенова:

Ақшаны қайтармаймын деп отыр. Маған енді жер де керек емес. Маған ақшамды қайтарып берсін. Көшеде жатқан ақшам жоқ.

Раушан Байдабекова:

Біз ақшамызды талап етіп отырмыз. Одан басқа бізге ештеңе керек емес. Ол жерге үй соғылмайтын болса, ол жерге құрылыс жүргізбесек, бізге оның не керегі бар? Біз бұл кісіге әшейін ғана ақша төлеп отырмыз.

Ал жер сатқандар ат шаптырым аумақта үй салуға ешқандай тыйым жоқ деп дес бермейді. Сондықтан тұрғындарға «тағы да күтіңіздер» деп, кезекті рет үміт сыйлады.

Ақылбек Меңдіғалиұлы, «Жер-Анам» ЖШС бас директоры:

Ол жерде құс фабрикасы тұр. Келісімшартта да ол көрсетілген. Фабрика құжатарын жақында ғана жасатқан. Біздің халық ол жерде қимылын бастады ғой. Бұл бағдарламаның басты мақсаты қолайлы шартпен ай сайын арзан бағамен төлей отырып,үмітпен жер алып, сол жерге үйін салып алу.Сабыр сақтап күтеді. Құжаты жасалады, міндетті түрде жасалады.

Бірақ шенеуніктер бұл жерлердің санитарлық аймаққа кіретінін айтып отыр. Сондықтан онда тек шаруа қожалығын жүргізуге ғана рұқсат бар дейді.

Нұрбол Есенбаев, «Қайнар» ауыл округының әкімі:

Бұл жерде сатып алушы мен сатушылардың арасында келісімшарт бар. Бірақ та ол жер телімі ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер учаскелері. Ал нысанасын ауыстыру бойынша және де өзгерту бойынша ешқандай мемлекеттік мекемеге өтініш түспеген. Мемлекеттік қызметке ондай өтініш түспеген. Архитекруаға да, жер комитетіне де және де ауыл әкімдігіне де.

Ал екі ортада тығырыққа тірелген халықтың бұл жерде үй салудан меселі қайтып қаған. Сондықтан ендігі мақсаты ақшасын қайтып алу. Әйтпесе, ашулы жұрт сотқа жүгінуге бекініп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде