Түркістан облысында өңірдің бас ветеринары сотталды
Түркістан облысында өңірдің бас ветеринары сотталды. Шенеунік қызметкерлерге бөлінген сыйақыны өзіне қайта жинап алғаны үшін 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор: Бек Әбиев
26.11.2024
Бақытжан Бегманов басшы болып тұрған кезде ветеринария басқармасына қарасты 115 қызметкерге бөлінген қаражатты қайтарып алып қалтасына баспақ болған. Алайда буып-түйген 5 жарым миллион теңгесін антикор тәркілеп алып, басшының арам пиғылы іске аспай қалды.
Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
— Сот үкімімен Бегмановқа 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеліп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!