{metadescription}
Алматы облысы: Жолда көкпар тартқандар жазаланды
Алматы облысы: Жолда көкпар тартқандар жазаланды

Алматы облысы: Жолда көкпар тартқандар жазаланды

Тасжолда көкпар тартқан. Алматы облысында бір топ шабандоз Алматы - Қорғас автожолында көліктің жүруіне кедергі келтірген. 

Полицейлер жол жүру ережесінің өрескел бұзылғанын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізгенде анықтаған. Жол ортасына шығып көкпар тартқандар түгел анықталып, жазаға тартылды. Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен көкпар ұйымдастырған азамат жеті тәулікке қамауға алынған. Төрт шабандоз бес тәулікке жабылса, қалғаны айыппұл төлеген.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Құқықбұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап полиция бөліміне жеткізді. Еңбекшіқазақ аудандық сотымен ат спорты ойындарын ұйымдастырушы жеті тәулікке, төртеуі 5 тәулікке қамауға алынды. Ал қалғаны айыппұл төледі. Азаматтарды қоғамдық тәртіп сақтап, жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережесін бұзбауға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде