{metadescription}
Петропавлдағы супермаркетте целлофан орнына экологиялық дорба беріп жатыр 
Петропавлдағы супермаркетте целлофан орнына экологиялық дорба беріп жатыр 

Петропавлдағы супермаркетте целлофан орнына экологиялық дорба беріп жатыр 

Полиэтилен қапшықтан бас тартатын күн жақын. Петропавлда өткен «Таза Қазақстан» шарасы аясында супермаркет сатып алушыларға целлофан орнына экологиялық дорбалар ұсынды. 

Полиэтилен пакеттің жер-көкті, тіпті мұхитты ластап жатқаны жаһандық экологияға қатысты жиындарда көтеріледі. "Пакетті айырбаста табиғатты сақта" акциясын Қоғамдық даму орталығының мамандары мен еріктілер ұйымдастырды. Медициналық бетперде тігетін матадан жасалған шоперлер азық-түлік салғанға қолайлы әрі қоқысқа кеткенде тез ыдырайды. «Табиғатты қорғап, тазалық сақтауға септігі мол», - дейді эко- белсенділер.

Оксана Гончаренко, СҚО Қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

Пластмасса мен полиэтиленнің шіруіне жүз жылдан астам уақыт керек. Ал мына сөмкелер жылдам ыдырап жойылады. Жел тұрған кезде, қалада ұшқан полиэтилен пакеттерді көреміз. Сондықтан біз, тұрғындар, айналаны ластамауға тырысуымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде