«Сібір жарасы». Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр
Атырау облысында құжатсыз мал тасымалдағандар жаппай жауапқа тартылуда. Себебі өңірде күйдіргі кеселі таралып жатыр. Қазірге дейін Сібір жарасын жұқтырған үш ірі қара арам қатып, бір адам ауруханаға түскен.
Автор: Жанат Молдашова
27.11.2024
Осыдан кейін облыстық әкімдік арнайы жұмыс тобын құрып, жедел алдын алу шарасын қолға алған. Күйдіргі ошағын оқшаулау, дезинфекциялауға Ақтөбеден арнайы отряд келген. Қаладағы мал соятын және ет сататын 66 нүктеден сынамалар алынған. Бірде-бірінен жұқпалы вирус анықталмапты.
Қазір Атырауға кіреберіске бекеттер орнатылып, полиция мен ветеринар мамандар кезекшілікке шықты. Олар мал тасымалдап келе жатқан көліктерді қатаң бақылауға алған. Ветеринария құжаты жоқтарға айыппұлдар салынып, мыңдаған мал басы кері қайтарылуда.
Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:
— Кешеден бері кейбір регламентті дұрыстап, анықталған жерден бастап, яғни сол постыда айыппұл сала бастадық. Оған дейін айыппұл өз мекенжайында болған. Қазір тиісті өзгеріс енгізіп, заң бұзушылық, құқық бұзушылық құжатсыз тасымалдау бойынша әкімшілік жауапқа тарта бастадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!