Ресей Қазақстанда үш жылу электр орталығын салуы мүмкін
Ресей Қазақстанда үш жылу электр орталығын салуы мүмкін. Екі ел үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялау аясында жылу қазандықтарын салу туралы заң жобасы бүгін Мәжіліс қарауына қабылданды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
27.11.2024
Жылу электр орталықтары Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынады деген жоспар бар. Келісім бойынша Ресей тарапы орталықтардың жобасын жасап, керекті құрылғылармен қамтып, құрылысын жүргізеді.
Сонымен қатар Ресей Қазақстан жағына осы нысандар құрылысына кететін шығынды жеңілдетілген несие ретінде ұсынбақ.
"Самрұк-Энерго" мәліметінше, Көкшетаудағы жылу орталығы 240 мегаватт, Семей мен Өскемендікі 360 мегаватт қуат өндіреді. Олардың құрылысына кететін шығын 1 триллион 250 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс 2028 жылға дейін жүргізіледі деп жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!